Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда алғаш рет тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысымызда Ұлттық спортымыз ұлықталды. Петропавлда алғаш рет тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Оған  Астана, Шымкент, Алматы қалаларынан және еліміздің 13 өңірінен 250-ге жуық спортшы жиналды. Олар 16 құрама жасақталып, командалық сайыста өзара мықтыны анықтайтын болады. Осылайша болашақта әлемдік байқауларда өнер көрсететін кіл мықтылар жасақталмақ.

«Соңғы жылдары СҚО-да ұлттық ойындар қарқынды дамып келеді. Жетістіктер бар. Тоғызқұмалақ ойынынан әр мектепте үйірме жұмыс істейді. Қазан айында облыстық чемпионат өтті. Іріктеу додасына бұрын 30-40 адам ғана қатысса, биыл 200-ден асып кетті. Адамдық қасиет – ойдың ұшқырлығын, сананы дамытатын бұл ойын ата-бабамыздан келе жатыр. Республикалық чемпионаттың бізде ұйымдастырылуы спорттың осы түрінің өңірде одан әрі дамуына үлкен сеп», — дейді СҚО бойынша тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жомарт Омаров.

Аталған байқау 19 қарашада дейін жалғасады. Жеңімпаздарды кубок және бағалы сыйлықтар күтіп тұр.  

«Жарыс жеті турдан, яғни швейцар жүйесі бойынша өткізіліп жатыр. Енді бұл додаға елімізден мықты-мықты деген спортшылары қатысуда. 250 спортшының 4-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-ы спорт шебері, 116 спортшы жаңағы спорт шеберілігіне үміткер деген атақтары бар. Бұл жылда өткізілетін дода. Былтыр Қостанай облысында ұйымдастырылған еді», — деді жарыстың бас төрешісі Данияр Орынбасаров.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *