Солтүстік Қазақстан облысында ауылды жерге жұмыс істеуге баратын дәрігерлерге 5 миллион теңгеге дейін көтермеақы беріледі
Солүстік Қазақстан облысында дәрігер тапшылығы мәселесі әлі күнге маңыздылығын жойған жоқ. Мәселен бүгінг і күні Петропавл қаласында -71, ал ауылды жерлерге -74 маман жетіспейді, деп хабарлайды тілшіміз.
Қазіргі таңда әсіресе жалпы тәжірбиедегі дәрігерлер қажет. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісотың айтуынша биыл өңірге жас мамандар келген. Дегенмен мәселе шешілер емес. Қазірті таңда аймаққа әлі де акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, терапевт, кардиолог және педиатрлар қажет.
«Маман тапшылығына көбіне дәрігерлердің басқа өңірлерге көшуі, зейнетке шығуы және жекеменшік клиникаларға кетуі себеп. Мамандарды тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін көтермеақыдан бөлек, медициналық ұйымдар 1 миллион мен 3 миллион теңге көлемінде жәрдемақы береді. Сондай-ақ коммуналдық төлемдерін жабамыз. Резидентурадағы оқуын төлейміз», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.
Өткен айда облыстық мәслихаттың шешімімен мамандарға берілетін көтермақынығ мөлшері бекітілді. Яғни дәрігерлердің жетіспеушілігін жою мақсатында бір реттік көтермеақы мөлшері тағы да өсті. Мәселен жалпы тәжірбиедегі маман қалаға келсе 1 миллион теңге алады. Ал ауылға барса 1,5 миллион теңге алады. Өзге мамандар қалада қалса- 3,5 миллион теңге, ауданға барса 5 миллион теңге алады. Биыл көтермеақыға деп бюджеттен 250 млн теңге бөлінген екен.
Жалпы қазіргі таңда облысқа 144 дәрігер жетіспейді.