Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысында биыл игерілмеген 210 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында игерілмей жатқан жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Қазір аталған жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке тапсырма берген болатын. 

«Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», -деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде облыста жайылым мәселесі өткір тұр. Жерді қайтару, оны дұрыс бөлу ауыл шаруашылығы саласын дамытуға септігін тигізері анық. Осыған орай биыл облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің мамандары прокурорлармен бірге 51 мың гектар аумаққа қатысты 38 тексеру жүргізген. Оның 5,1 мың гектардан астамы егістік болса, қалғаны – жайылым жерлер. 

«Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 44 мың гектар  алқапта 28 бұзушылық анықталды. 7 мың гектар аумақта 10 бұзушылық анықталмады. 9 мың гектар жайылым алаңында 5 бұзушылық жойылды. Оны жою туралы 28 нұсқама берілді. 2,1 миллион теңге сомасына 25 айыппұл салынды», — деді облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бақытжан Бекіш. 

Бақытжан Бекіштің айтуынша, қазіргі таңда сотта 24,5 мың гектар жер учаскесін жалға беру туралы 44 талап арыз қаралып жатыр. Жерді өз игілігіне пайдаланбаса да мемлекетке бергісі келмейтіндер баршылық. Ондай кезде мамандар соттың көмегіне жүгінеді. 

«Игерілмеген аумақтардың ең ірісі Уәлиханов, Тайынша және Аққайың аудандарында тіркелді. Қазіргі уақытта осыған қатысты іс сотта қаралып жатыр. Бұл біраз уақытты алады. Сондай-ақ, игерілмеген жерді пайдаланбағаны үшін айыппұл қарастырылған. Ол жердің көлеміне байланысты», — деді Бақытжан Бекіш.

Биыл облыста пайдаланылмаған 330 мың гектар жердің 210 мыңы қайтарылды.Бұл – жоспардың 63 пайызы. Қалғаны бойынша әлі тиісті жұмыс жүргізіледі. Қайтарылған жерді әкімдіктер жөні түзу, жауапкершілігі мол азаматтарға береді.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *