Еліміздің солтүстігінде 7 жастағы қызды туған анасы мен өгей әкесі соққыға шыққан
Солтүстік Қазақстан облысында анасымен өгей әкесі ұрыс соққан 7 жастағы қыз ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.
Оқиға 23 қараша күні болған. Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері хабарласқан. Ол екінші сыныпта оқитын оқушыны ұрып-соғу фактісін анықтағанын айтқан. .
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», -делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алған жарақатына байланысты қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.Қазір ол ем қабылдап жатыр.
Кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргендігі анықталды. Олар өз кінәсін мойындап отыр. Сезіктілер бұл жағдайға баланың тіл алмауы себеп болғанын айтып түсіндірді.
Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.