Петропавлда ЖЭО түтін мұржасын салуға бюджеттен қаржы бқлінген жоқ
Биыл Петропавл қаласында жылыту маусымы кестеген сай жүріп жатыр. Бұл бағыттай ашқандай проблема болмайды. Жылу электр орталығын жөндеуге инвестор 12 миллиард теңге қаржы бөлді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды тілшіміз.
«Жылу электр орталығы туралы айтар болсақ, 23 қыркүйекте жұмысқа кірістім. Өнеркәсіп саласындағы адам болғаннан кейін бір аптадан соң сол ЖЭО-ға барып, жиналыс өткізген едім. Түтін мұржасы деп жатырмыз ғой. 180 метрлік сол мұржаны көтеру керек еді. Конкурстан мердігер компания өтті. Жұмыстарды істеді. Бірақ, мұржа 36 метрге көтерілген кезде осьтен ауытқу болып, жұмыс тоқтатылды. Бірақ жұмыс кестесі бар. Жұмыс істеліп жатыр. Осьтен ауытқығаннан кейін оны бұзып жатыр. Желтоқсанның 8-де олар зертхананың шешімін алуы керек. Сол кезде нөлдік деңгейге дейін мұржаны құлата ма әлде 21 метрді қалдырып, ары қарай көтере ме қарайды. Жалпы 12 миллиард теңге қаражаты бар», — деді өңір басшысы Ғауез Торсанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Облыс әкімінің айтуынща аталған қаражатты Орталық Азия электр энергиялық корпорациясы бөліп отыр. Қаражаттың 1,8 миллиард теңгесі түтін мұржасына бөлінген. Ал бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.
«Электр желілерінің тозған. Екінші жылу желісінің де мәселесі бар. Бірақ ешқандай апат, ешқандай проблема осы қыста болады деп айта алмаймыз. Ондай проблема жоқ», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.