Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 46 медициналық мекеме салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 46 медициналық мекеме салынады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды тілшіміз.

«Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 48 пайызға ұлғайды. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 46 медициналық мекеме салу жоспарланған. Оның ішінде 8 нысанның құрылысы аяқталуда. Олар – 5 дәрігерлік амбулатория, 2 — фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 — медициналық пункт. Алдағы жылы қалған 38 нысанның құрылысы басталады», — деді облыс жетекшісі.

Бүгінгі күні Петропавл қаласында және аудан орталығында емхананың құрылысы жалғасуда. 2024 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 480 төсек орынға арналған көпбейінді облыстық аурухана құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.

«Санитарлық автокөлік паркі жаңартылуда. Аудандық ауруханаларға 14 санитарлық көлік берілді. Тағы 19 бірлік техника сатып алынбақ. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге 5,2 миллиард теңге бөлінді. Аурухана инфрақұрылымына жаңару жүргізіліп жатқанына қарамастан тозу 77,5 пайызды құрайды», — деді Ғауез Торсанұлы.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *