Қазақстанда жапа шеккен жұмысшыларға арналған сақтандыру жүйесі өзгереді
Қазақстанда жазатайым оқиғалардан жапа шеккен жұмысшыларға арналған сақтандыру жүйесі өзгереді, деп хабарлайды тілшіміз.
Енді бұдан былай әр сақтандыру компаниясы жарақат алған қызметкердің ем-домына кеткен шығынын өтеп беруге тиіс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заң жобасына өзгертулер енгізген. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмыс берушінің алдын алу шараларына жұмсаған шығындарын 6 %-ға дейін өтеуі керек. Мәселен басшылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқыту, кәсіптік тәуекелдерді бағалау, нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу, мерзімді медициналық тексерулер жүргізу, қауіпсіздік жүйелерін орнату, зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту керек.