Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 6 ауылда мүлдем адам тұрмайды

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні алты ауыл бос тұр. Мұндағы халық жанға жайлы мекен іздеп аудан орталықтарымен  қалаға көшіп кеткен, деп хабарлайды тілшіміз.

Мұнымен қоса 33 елді мекенде адам саны 10-нан аспайды. Уақыт өткен сайын өңірде қаңырап жатқан ауылдардың саны артуда. Мәселен аймақта 2017-2019 жылдары аралығында 33 елді мекен жабылған. Аталған мәселені шешу үшін, тұрғындары тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға көш жалғасып жатыр. Биыл солтүстікке 2460 адам күнгейден,  тағы 183 қандас өзге мемлекеттерден қоныс аударған. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 1,1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Көші қон бағдарламасы келер жылы да жалғасын табатын болады. Себебі аймаққа әлі де 5 мыңнан астам маман жетіспейді. Дені ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау саласына қажет.

«Біздің облысымызда 153 елді мекен арнайы таңдалып алынды.  Яғни олардың инфраструктуралары орташа және жоғары деңгейде. Ешқандай жағдай жасалмаған ауылдарға адамдар көшірілмейді. Өйткені оңтүстіктен қоныс аударатын  отбасылардың балалары бар. Оларға балабақша, мектеп керек. Отбасы мүшелеріне де тұрақты жұмыс қажет. Сол себепті болашағы бар деген ауылдар керек», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назерке Тасқұлова.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *