Ұлыбритания елшісі солтүстікқазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич «Гендерлік зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясында еліміздің облыс орталықтарын аралап жүр, деп хабарлайды тілшіміз.
Елші Петропавл қаласына да аялдады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде мейман қоғамдағы өзекті проблема – отбасылық зорлық-зомбылық, әйел құқығы тақырыбын көтерді. Мақсаты – осы тұрғыда өңір тұрғындарының көзқарасын білу және мәселемен күресте шетелдік тәжірибемен бөлісу.
«Біз Біріккен ұлттар ұйымының халықты орналастыру қорын қолдаймыз. Бұл – ана мен бала денсаулығын сақтау саласында қызмет атқаратын қор. Оның жұмысы өзін-өзі басқару органдарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуге негізделген. Ұйым құрамына полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау органы мен мектеп өкілдері және заңгерлер кіреді. Мамандардың зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыстары нығайса, қоғамда қатыгездік те азаяды деген ойдамын», — деді Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич.