Петропалда зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған акция өтті
Облыс орталығында зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған акция өтті, деп хабарлайды тілшіміз.
«Ақ лента» деген атаумен ойын-сауық орталықтарының бірінде өткен
шара барысында полиция қызметкерлері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері тұрғындарға ақ ленталар мен жаднамалар таратты.
«Ақ лента – бұл кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың символы. Соңғы 10 айдың ішінде облыста отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 2134 құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 536 адам әкімшілік қамауға алынды. 316-сына ескерту жасалды, 6-ауына айыппұл салынды» ,- деді СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы Әсия Абжанова.
Осындай акция өткзудегі мақсат – зорлық-зомбылықтың алдын алу. Әрі қарапайым халықтың полицияға деген сенімін арттыру.
«Осы екі аптаның ішінде біздің қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағытында жұмыс істейтін боламыз. Зорлық-зомбылық қалай пайда болады? Ол – отбасындағы кикілжің, ата-аналардың балаға, күйеуінің әйеліне қарсы шығуынан болады. Адамдар қатты агрессияға беріледі. Салдарыан көп әйелдер қысым көреді. Қазіргі уақытта өз күйеуіне қарсы қылмыс жасайтындар да бар», — деді СҚО әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Гүлбақша Мұсабаева.
Ал жергілікті тұрғындар зорлық-зомбылықпен күресте әсіресе тәрбиеге бас мән беру қажеттігін айтады.