Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенті қызылша жұқтырды
Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледдің студенті қызылша жұқтырды. Аталған білім ошағында оқып жатқан тағы жиырма азамат қазір сараптама қорытындысын күтіп отыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Эпидемиолог дәрігерлердің мәліметінше облыста эпидахуал уақыт өткен сайын киындап барады. Бүгінде 107 адамнан инфекция анықталған. Яғни өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 1,4 есеге өскен. Айта кету қажет жаппай иммундау басталғалы облыста 5300-ден астам адамға екпе салынды. Қосымша 30 600 доза вакцина сатып алуға қаржы бөлінген еді. Препараттың алғашқы партиясы келді. Қалғаны апта соңына дейін жеткізіледі.
«Бүгінгі таңда қарым-қатынаста болған колледждағы барлық студенттер біздің бақылауымызда. Сондықтан жаңағыдай клиникалық жағынан қызылшаға қарсы симптомдары болатын болса, ол кісілерді біздер міндетті түрде қалалық инфекциялық ауруханасына апарып жатқызамыз. Бүгінгі таңда жаңа айтып отыр ғой, қызылшамен расталған бір студент. Қалған 20-ы нәтижелерін күтуде. Жалпы мыңға жуық студент науқаспен қарым – қатынаста болғаны белгілі болды» , — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.