Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданына қарасты Воскресеновка ауылдық округі әкімдігінің ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды  тілшіміз.

Оқыс оқиға 12 желтоқсанда түнгі сағат 01.00-де болған. Өрт пеш жағатын бөлмеден шығып, кейін әкімдік ғимаратына ауысқан. Ауылдық әкімдіктің қабырғалары жартылай, ал шатыры толығымен жанып кетті. Айат кету керек, бұл ғимарат өткен ғасырдың 60 жылдары ағаштан салынып, пайдалануға берілген.

«Қазіргі таңда оттың нақты неден шыққаны белгісіз. Тексеріс жұмыстары басталды. Пешті қолдануда талаптар сақталмаған болуы мүмкін. Әкімдік ғимаратында пошта бөлімі болған. Материалдық шығын есептелуде. От 80 шаршы метрге жайылды», – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *