Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы колледждердің бірінің оқушысы өз анасын 1 миллион теңгеге алдады дедеген күдікке ілікті

Петропавлдағы колледждердің бірінің оқушысы өз анасын 1 миллион теңгеге алдады дедеген күдікке ілікті, деп хабарлайды тілшіміз.

Қаңтар айында Петропавл тұрғынына өзі алмаған ірі сомадағы несиені төлеу туралы хабарламалар келе бастаған. Мұны көрген әйел дереу полиция басқармасына жүгінген. Алғашында несиені кім алуы мүмкін екені туралы еш болжам болмаған. Жедел уәкілдердің сұрақтарына 16 жастағы ұлы өткен жылдың желтоқсан айында сайттардың бірінде тіркелуді өтінгені және емтихан сұрақтарына арналған жауаптарды алуға болатыны есіне түсті. Жасөспірімнің айтуынша, сайтта екі адамды тіркеу кезінде нақты бағасы жеңілдетіледі деген ұсыныс болған. Тіркеу процедурасында адамның фото және бейневерификациядан өтуі қажет еді. Алданғанын түсінбеген әйел «басты солға, оңға бұру» деген сияқты талаптарды орындаған.

«Осы процедура арқылы жәбірленушінің атына 1 миллион 180 мың теңге көлеміндегі несие ресімделгені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын, тергеушілер іс материалдарын сотқа жіберуге дайындалып жатыр», — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

СҚО-да 11 айдың ішінде интернет-алаяқтықтың 716 дерегі тіркелді. Оның 91-і бөгде адамдардың атына несие ресімдеуге байланысты.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *