Жарияланған күні: 07.02.2024
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті, деп хабарлайды тілшіміз.
Облыстық ТЖД мамандарының хабарлауынша оқыс оқиға Ульянов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қалған плитаны арнайы техниканың кқмегімен төменге түсіріп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
«Ең бастысы зардап шеккендер жоқ. Плитаны төменге түсіруге жеке құрамның 7 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды»,— делілген СҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.