Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл тұрғыны алаяқтарға 5 млн. теңге аударды

Петропавл тұрғыны алаяқтардың құрығына түсті. Ер адам есепшотындағы 5 млн. теңгесін өзгелерге аударып алданды.

Жыл басынан бері облыс орталығында алаяқтықтың 30 фактісі анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп болып отыр.

Жақында қала тұрғынына бәзбіреу хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырған. Қоңырау шалған азамат петропавлдықты ақшаның бір бөлігін қауіпсіз есепшотқа аудару қажетігіне көндірген. Осылайша жәбірленуші бір мезетте 5 миллион теңгесінен айырылды.

– Егер біреулер сіздің шотыңызға қол сұғушылық жасалуда, ұялы байланыс нөмірі өшірілуі мүмкін немесе мүлікке тыйым салумен қорқытатын болса, хабарланған ақпаратты ресми арналар арқылы қайта тексеріңіз. Қоңырау шалушыдан оның қалалық нөмірін сұрап, ақпаратты ұйымның ресми телефоны арқылы хабарласып тексеруге болады. Күдікті қоңырауды алған соң, сөйлесуді тоқтатып, “102” арнасына қоңырау шалыңыз, – дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *