Жарияланған күні: 15.02.2024
Қазақстанда дизель отынының бірыңғай бағасын белгілеу жоспарлануда
Энергетика министрлігі «Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанар-жағармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» бұйрыққа тиісті түзетулер жобасын дайындады.
Жоба бойынша дизель отыны (жазғы, маусымаралық) барлығына (қазақстандықтарға да, шетел азаматтарына да) литріне 295 теңге тұрады.
Құрылысшылар бүгінде еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында дизельдік отынның шектен тыс жиналу фактілері барын алға тартады.
Жоба 2024 жылдың 28 ақпанына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.
Қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.