Жол құрылысы материалдарының 40 мың сынамасы алынып, 4 мыңнан астам бұзушылық анықталды
Өткен жылы облыста «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандары жол жөндеу объектілерінде 11 мың тексеріс жүргізіп, жол құрылыс материалдарының 40 мыңға жуық сынамасын алды. Нәтижесінде 37 пайызы стандарт талабына сай келмеді.
«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының өкілдері аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері мен жол құрылысы саласында еңбек етіп жүрген мамандарға семинар өткізді.
Оның аясында мамандарға жол сапасына сараптама жүргізу, автомобиль жолдарын диагностикадан өткізу бойынша шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» мамандары өткен жылғы статистикаға тоқталып, жөндеу жұмыстары аяқталған жол учаскелерін қабылдау кезінде 4 мыңнан астам өрескел бұзушылықтар анықталғанын тілге тиек етті.
— Біз тек қадағалауды ғана емес, жергілікті қоғамдастық мүшелерін де тартамыз. Оған депутаттар да кіреді, сондықтан олар қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын көреді. Биылғы жылы біздің аудан бойынша 32 км жолды орташа жөндеуден өткіземіз. Семинарда алған білімімізді тәжірибе жүзінде пайдаланамыз деп ойлаймын, — дейді Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Манарбек Шаменов.
Жұмысшы кентінде тіркелген өрт оқиғасынан 2 адам зардап шекті