Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бес ауданда ауылдық округ әкімдері сайланды

Облыстың бес ауданындағы жеті ауылдық округке әкімдер сайланды. СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси науқанға 8 мыңға жуық адам қатысып, 17 учаскеде дауыс берді.

Мамлют ауданында 1046 сайлаушының 765-і дауыс берді. Дубровинка ауылдық округінің әкімі болып Михайловка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 37 жастағы Павел Титов сайланды. Ол «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалы атынан қатысты.

М.Жұмабаев ауданына қарасты Авангард ауылдық округінің әкімі сайлауына 631 сайлаушының 444-і келіп, өз таңдауын жасады. Нәтижесінде әкім болып 45 жастағы Александр Конюшевский сайланды.

Уәлиханов ауданында Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауында 154 дауыс берушінің 130-ы тіркеліп, өз таңдауын жасады. Осылайша 41 жастағы Саян Құрманбаев округ әкімі болып таңдалды. Ол – «AMANAT» партиясының мүшесі.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік және Чистополь ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауға 550-і дауыс беруге келді. Әкім лауазымында 39 жастағы Азамат Аржикеев сайланды. Ол да «AMANAT» партиясының мүшесі. Ал 43 жастағы уақытша жұмыссыз жүрген Владимир Руденки Чистополь ауылдық округінің әкімі болды.

Қызылжар ауданындағы Рощинск және Якорь ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Оған 1 225 тұрғын қатысты. Рощинка ауылдық округінің әкімі болып 40 жастағы уақытша жұмыссыз жүрген Руслан Айтов сайланды.
Якорь ауылдық округі әкімі болып 43 жастағы Валерий Тихой сайланды. Округте тұратын 1690 дауыс берушінің 1446 саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ғауез Нұрмұхамбетов журналистермен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *