Биыл СҚО-да 90 өрт оқиғасы тіркелді
Өткен жылы қаңтар-ақпан айларында облыста 81 өрт оқиғасы тіркелсе, биылғы статистика көңіл көнштіпейді. СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, биыл екі айда 90 факті анықталды.
Қызыл жалын салдарынан өңірде 6 адам қаза тапса, 18-і түрлі дене жарақын алды. Дмитрий Растихиннің айтуынша, өткен жылы екі айдың ішінде 81 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл бұл статистика 11 пайызға өскенін көруге болады. Десе де 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында тілсіз жау 9 адамның өмірін қиды.
– Қызыл жалын келтірген материалдық шығын көлемі 47 млн. теңгені құрады. Өңірімізде тіркелген өрт оқиғаларының 74 пайызы жеке тұрғын үй секторында орын алды. Тілсіз жау көбіне тұрғындардың жылыту маусымына пешті дайындамауынан тіркелді. Солтүстікқазақстандықтар қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемей жүреді, — деді Дмитрий Растихин.
СҚО ТЖД мәліметінше, 2021 жылдан бастап жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтарға 5 мыңнан астам түтін датчигі орнатылды. Нәтижесінде 5 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.