Заңсыз жұмыс істеген мигранттар анықталды
Петропавлда полицейлер «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оған көші-қон қызметінің қызметкерлерінен бөлек, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, жедел уәкілдер қатысып жатыр.
Петропавл қаласының маңындағы полигонда қатты қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану үшін бөлумен айналысып жүрген еш рұқсат құжаттары жоқ Тәжікстан елінің жеті азаматы анықталды. Олардың айтуынша, рұқсат құжаттарын кейін ресімдеуді жоспарлаған. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді, заң бұзушылар айыппұл төлейді.
Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақтылы ресімдеу қажет, Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда. Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күндерінде тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының шетелдіктердің тарапынан болған 23 бұзушылығын анықтады.