Қала тұрғынынан 100 млн. теңге ұрлаған азаматтар ұсталды
Өткен жылдың маусым айында егде жастағы қала тұрғынына «Аквафор» сүзгісін орнату мақсатымен екі жас жігіт келді. Ақкөңіл әжей шақырылмаған қонақтарды үйге еш алаңсыз кіргізіп, олар суға арналған фильтрді орнатып берген. Олар уәде еткен жұмысы үшін төлем жасаған кейуананың ақшаны қайда жасырғанын көріп, 100 млн. теңге көлемінде қаражатын ұрлап кетеді. Бұл қылмысты әжей бірнеше күн өткеннен кейін білген.
Қарт жасалған ұрлық туралы полицияға хабарлайды. Криминалист Ербол Мусин оқиға орнына келген бойда қылмыстың мән-жайы туралы нақтылай бастаған. Тәртіп сақшысы пәтерді мұқият қарап шығып, алаяқтар қалдырған сүзгі құрылғысының қорабынан іздерді тауып алады. Осылайша қылмыскерлердің жеке басы да анықталған. Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавл қаласында тұрақты тұратыны белгілі болды.
Криминалистің кәсіби іс-қимылы негізінде қылмыс қысқа мерзімде ашылды, қаскөйлер ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылды.