Жарияланған күні: 15.03.2024
Саяжай өртеніп, бір адам көз жұмды
Петропавлдағы Новопавловка кентіндегі саяжай өртенді. Салдарынан бір адам көз жұмды.
– Оқиға бүгін тіркелді. Төтенше жағдай кезінде 1968 жылы туған үй иесінің өлі денесі табылды. Қызыл жалын сағат 12:32-де толығымен жойылды, — дейді баспасөз қызметінде.
Өртті сөндіруге 7 адам мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.