Жарияланған күні: 19.03.2024
Көкжөтелге шалдығу фактілері жиіледі
Облыста жыл басынан бері қызылшаның 218 жағдайы мен көкжөтелдің 15 фактісі расталды.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде қызылшаға шалдығу фактілері азайды.
– Қызылшамен ауыратын науқастардың ішінде 145 адам – Петропавл тұрғыны. Аққайың – 24, Қызылжар – 13, Есіл және Уәлиханов аудандарында 9 адам жұқпалы дертке шалдыққан. Тағы бес адам Тайыншада, үш дерек Айыртауда, екі факті Ғ. Мүсірепов атындағы, Жамбыл, Мамлют және Шал ақын аудандарында. Бір-бір деректен Ақжар және Тимирязев аудандарында тіркелді, — дейді мамандар.
Көкжөтелге келетін болсақ, биыл бұл ауру 15 адамда анықталды, ал өткен жылы 20 науқас тіркелді.