Студенттер су тасқынымен күресіп жатқандарға нан-тоқаш өнімдерін пісіруде
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушылары су тасқынымен күресіп жатқандарға бауырсақ пен самса пісіріп, нан өнімдерін таратты.
Жоғары оқу орнының студенттері қашықтан білім алып жүр. Жастар мен оқытушылар су тасқыны кезінде бір кісідей жұмылып, қайырымдылық жасап жүр. Бірі еріктілер қатарына жазылып, тасқынмен күресуге ат салысса, енді басқалары нан-тоқаш өнімдерін пісіріп, оны таратуға қатысуда.
Сәуірдің 9-ы мен 15-сі күндері аралығында университеттегі агротехнологиялыұ факультеттің әйелдер қауымы азық-түлік зертханасында су тасқынымен күресіп жатқан еріктілер мен әскери қызметшілерге тамақ дайындаумен айналысты. Барлығы 40-қа жуық адам 80 келі бауырсақ, 9 келіден астам самса, 5 келі тоқаш пісірді.
Университет қабырғасында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау пункті де ашылды. Ол № 4 корпустың 101 кабинетінде орналасқан.