Жарияланған күні: 17.04.2024
Құтқарушылар су басқан жолдан тұрғындарды тасымалдауда
ТЖМ құтқарушылары республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожолындағы «Южный» бекетінде кезекшілік етуде.
Құтқарушылар Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылын байланыстыратын жолдың жабылуына байланысты тұрғындарды арнайы көліктермен тасымалдап жатыр. Сондай-ақ республикалық трасса арқылы гуманитарлық жүктерін өткізуге де көмектесіп жатыр.
СҚО ТЖД мәліметінше, үш тәуліктің ішінде су басқан учаскі арқылы 14000-нан астам адам, оның ішінде балалар мен ауыр науқастар, 40 бірліктен астам жүк және жеңіл автокөлік тасымалданды.