Жарияланған күні: 15.05.2024
СҚО-да 141 адамды кене шақты
Сәуір айы басталғалы бері СҚО-да 141 адамды кене шақты. Оның 37-сі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы кене шағудың 681 фактісі тіркелді.
— Өткен аптада 59 адамды кене шақты. Петропавлда 65 факті тіркелсе, Айыртау ауданында 26 дерек анықталды, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.