Аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы пара алды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратына сүйенсек, СҚО аудандары бірінің әкімінің орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды үстіміздегі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
– Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, – делінген антикор таратқан мәліметте.