Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су бөгетін жөндеуге 42 млн. теңге бөлінеді

Биыл Петропавлда су тасқынынан қираған бөгеттер қалып келтіріледі. Мұны қала әкімі Серік Мұхамедиев қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сессиясында айтты.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қалалық мәслихат сессиясында қорғаныс қоршауларын қалпына келтіруге резервтен қажетті қаражат бөлінгенін хабарлады.

– Бізде Ущев көшесіндегі бөгетте зақым келген төрт орын бар. Бүгінгі таңда облыс басшылығы оларды қалпына келтіру үшін резервтен 42 млн. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ақ балшық алынатын карьерді таптық. Онда белгіленген компаниялар жұмыс істейтін болады. Олар бөгеттердегі саңлауларды бітейді. Жаңа көрсеткіштер бойынша Ущев көшесіндегі дамбаны қайтадан жобалайтын боламыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы Үкіметтен қосымша қаражат сұратамыз, — деді Серік Мұхамедиев.

Жиында қала әкімі Заречный кентіндегі бөгет те қалыпқа келтірілетінін айтты. Бұған қоса, Былғары зауыты шағынауданында да бөгет нығайтылатын болады.

Сепаратист келіншекке тағылған жаза

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *