Бопсалаумен айналысқандар жауапқа тартылды
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавлдың білім ошақтарындағы профилактикалық кездесулер барысында қорқытып алу, адамды қамап қою, ұрлық және денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру фактісін анықтап, жолын кесті.
Бұл қылмыстарды биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында бір топ жастар жасаған. Облыс орталығының 20 мен 23 аралығындағы төрт тұрғыны ҰҚҚКБ қызметкерлерінің назарына іліккен. Олардың үшеуі бұрын сотталған.
Жедел ақпаратқа сәйкес, бұл топ 18 жастағы колледждердің бірінің сьудентінен қорқытып ақша алған. Жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген.
Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерлерге заңсыз жолмен қамап қою арқылы ақша талап еткен, психологиялық қысым мен күш қолданылған. Жәбірленушіге мобильді қосымшалар арқылы қарыздар алғызып, несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Сондай-ақ жігіт өзінің соңғы үлгідегі iPhone телефонын 50 мың теңгеге сатып жіберген. Алынған ақшаны бопсалаушыларға берген. Кезекті рет ақша алмақ болған жігіттер жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына келгенде, ол үйінде болмай шыққан.,