Жеті айда — 660, екі күнде — 18 мас жүргізуші ұсталды
Облыс жолдарында жеті айдың ішінде 660 мас жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушылар «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.
6 тамызда түскі уақытта көлік құралдары көптеп жүретін көшеде скутердің мас жүргізушісін Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Скутер жүргізушісінің өзін ұстауы күдік туғызған, Набережная көшесімен айналма жолға қарай жылжу кезінде ол қолдарын жайып келе жатқан. Нәтижесінде скутер бірнеше жүздеген метрден кейін тоқтатылды. Көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ 44 жастағы жүргізушіге қатысты жүргізілген медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, оның санкциясы жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Бірнеше күн бұрын 47 жастағы «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі Ақжар ауданы ауылдарының бірінің көшелерімен жүріп келе жатып, телеграф бағанасына соқтығысқан. Куәландыру мас болудың орташа дәрежесін көрсетті. Ол жүргізушісі көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.
Екі күндік «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы барысында СҚО жолдарында 18 мас жүргізуші ұсталды. Жол қозғалысы ережелерін 600-ден астам түрлі бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде – басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралдарын басқарудың 7 фактісі тіркелді. Белгіленген орындарда жүріс бөлігінің өтуі және бағдаршамның тыйым салатын сигналына 87 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.
Енді Шал ақын ауданының әкімі — Қайрат Омаров