Жарияланған күні: 09.09.2025
Бүгін — Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні
Береке шағынауданында ашылған №29 орта мектепте тоғызқұмалақтан оқушылар арасында жарыс өтті. Бұл дода дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналды. Және бұл спорттық іс-шара ұлттық ойынның беделін арттыру, қатысушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған.

Тоғызқұмалақ ойыншылардың логикалық ойлауын, шыдамдылығы мен тапқырлығын дамытады. 7-8 сынып оқушылары арасында өткен жарысқа 40-қа жуық оқушы қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ойын ашық аспан астында тартысты өтті.
Тоғызқұмалақ ойынына қызығушылық танытқандардың саны жыл санап артып келеді. Осындай жастардың арқасында тарихы тереңде жатқан ұлттық ойын ешқашанда ұмытылмайды.


