Жарияланған күні: 22.04.2026
Солтүстікқазақстандық Тимофей Скатов Шымкенттегі турнирде өнер көрсетуде
Қазақстандық теннисші, әлемнің 198-ракеткасы Тимофей Скатов Шымкент челленджер турнирін сәтті бастады.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 361-орында тұрған украиналық Олег Приходьконы сынап көрді. Екі сет те 6:4 есебімен аяқталды.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған кездесуде Скатов 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Приходько 7 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін рейтингіде 526-сатыдағы ресейлік Святослав Гулинмен таласады.

