Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі: Курьерлер мен таксистерді алмастыратын уақыт жақындап келеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен елімізде өз мамандығы бойынша жұмыс істегеннен гөрі курьер немесе такси жүргізушісі болған тиімдірек деп санайтын қазақстандықтарға кеңес беруді сұрады. Министр күтпеген болжам жасады.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл жерде сөз платформалық жұмыспен қамту — Glovo, Wolt, «Яндекс» сияқты жеткізу және такси сервистері арқылы жұмыс істеу туралы болып отыр. Қазір бұл салада 700 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді.

— Бірақ менің жастарға және жас қана емес, барлық қазақстандыққа айтар шын жүректен, жанашырлықпен берер кеңесім — бұл мүлдем уақытша жұмыс түрі. Осы жылдың өзінде бірнеше қазақстандық компания автопилоттарды іске қосып жатыр. Біз атқарған жұмыстың арқасында осы технологияларды меңгерген 500-600-дей маман даярланды. Олар тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Алғашқы автопилоттар пайда бола бастайды. Бірнеше жылдың ішінде, бұл өте тез жүзеге асады деп ойлаймын, тіпті осы курьерлер де керек болмай қалады, — деді министр.

Оның болжамы бойынша, автоматтандыру алдағы бірнеше жылда курьерлер мен жүргізушілердің бір бөлігін алмастыруы мүмкін.

— Яғни, дрондар, жеткізуші роботтар — мұның бәрі ғылыми фантастика емес, бұл өте тез арада шындыққа айналады.  Такси жүргізушілері қазіргі жұмыс жағдайында шынымен де жақсы табыс табады. Бірақ бәрі өте тез өзгереді, — деп толықтырды министр.

Осыған байланысты Нұрбек жастарға толыққанды мамандықтарды таңдауға және кәсіби дағдыларды дамытуға кеңес береді. Оның пікірінше, платформалық жұмыс қазір табыс әкелгенімен, орта немесе ұзақ мерзімді мансап бола алмайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *