Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мамыр айында азық-түлік бағасы өсті

2026 жылғы мамыр айында инфляцияның айлық деңгейі 0,7%. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,4% өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%, ал ақылы қызметтер 1,1% өсті. 

 

— Азық-түлік өнімдері арасында қияр бағасы 25,4%і, қызанақ 25,1%, тәтті бұрыш 8,3%, сарымсақ 3,1%, мандарин 2,6%, қызылша 2% төмендеді. Сондай-ақ күнбағыс майы мен консервіленген жүгері бағасы 0,4% арзандады. Қой еті 4,7%, сиыр бауыры мен майдағы шпроттар 3,3%, алма 3,1%, шұжық 1,7%, ішетін сүт 1,1%, жұмыртқа 0,6% және айран 0,4% қымбаттады, — делінген .

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында таба 4,8%, ыдыс жуғыш машина 3,3%, кітап бағасы 2,5%, смартфондар 1,5% төмендеді және бөлме өсімдіктері 0,6% арзандады. Ал фотоаппарат бағасы 7,4% артты, үтік 3,1%, шаруашылық сабын 2,7% және дәрі-дәрмектер 1,7% өсті.

Балалар аттракциондары қызметтері 6,6%, көлік қызметтері 1,5%, автокөлік жуу қызметі 0,7% өсті.

Жылдық мәнде 2026 жылғы мамыр айында инфляция 10,4% болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7% өсті, азық-түлік өнімдері 10,7%, ақылы қызметтер 8,7% артты.

Жылдық есепте қияр бағасы 35,2%, пияз 25,1%, қызанақ 24,3%, картоп 7,5%, банан 4,9%, күріш 4,3% төмендеді. Ал алма 9,8%, мұздатылған балық 8,5%, қара шай 7,6%, макарон өнімдері 6,6%, қант 2,3% өсті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *