Жарияланған күні: 09.06.2026
Президент «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті
Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытудың жаңа стратегиясы қабылданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланады. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның сауда-логистика саласына жасанды интеллектіні белсендірек енгізуді ұсынған еді.

