Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Коммуналдық тарифтер құнына не әсер етеді

Қазақстанда тарифтердің өзгеруіне бірқатар негізгі фактор әсер етеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлім етті, деп хабарлайды «Законопослушный гражданин» тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

қызмет

Фото: gov.kz

Оның айтуынша, тарифтер инфляция деңгейіне сәйкес индексацияланады. Сонымен қатар тарифтердің қалыптасуына стратегиялық тауарлар бағасының өзгеруі тікелей ықпал етеді.

— Жылумен жабдықтау қызметтерінің құнына көмір бағасы тікелей әсер етеді, оның қымбаттауы түпкі тұтынушы үшін тарифтерге ықпал етеді. Стратегиялық тауарларға көмір, мазут және жанар-жағармай жатады, — деді спикер.

Сондай-ақ тарифтерге инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған инвестициялар мен өндірістік персоналдың еңбекақысын арттыру да әсер етеді.

— Ұлттық жоба аясында 6,8 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл қаражат 86 мың шақырым инженерлік желіні жөндеуге бағытталады. Нәтижесінде коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 40 пайызға дейін төмендеуі көзделіп отыр, — деді ол.

Сонымен қатар комитет төрағасы қазіргі таңда елде 62 табиғи монополия субъектісі «қызыл аймақта» орналасқанын айтты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың 8-і «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» өткен.

— Жалпы алғанда, 58 субъект «сары аймақта», ал 98 субъект «жасыл аймақта» тұр. Жасыл аймақтағы кәсіпорындардың тозу деңгейі 50 пайыздан төмен, — деп толықтырды ол.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *