Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 32 көпқабатты үй салынуда

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Копайдағы» үйлердің құрылысын тексерді. Мұнда жаңа шағын ауданның келбеті пайда болуда. Қазір 605 пәтерлік 7 көпқабатты үй салынуда. Бұл кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. Төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылуда. 
— Бұлшағын ауданда барлығы 3,8 мың пәтерлік 27 үй салынбақ. Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша мен емхана да тұрғызылады. Тозығы жеткен үйлердің орнына жайлы өмір сүруге арналған болашағы зор шағын аудан бой көтермек, — деп жазды облыс әкімі.

Сондай-ақ қаланы аралау барысында өңір басшысы бюджеттік және коммерциялық үйлердің құрылыс барысын бақылады.  Петропавлда қазір барлығы 32 тұрғын үй салынып жатыр, оның 20-сы жеке компаниялардың есебінен.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *