Жарияланған күні: 10.10.2024
Петропавлда 32 көпқабатты үй салынуда
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Копайдағы» үйлердің құрылысын тексерді. Мұнда жаңа шағын ауданның келбеті пайда болуда. Қазір 605 пәтерлік 7 көпқабатты үй салынуда. Бұл кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. Төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылуда.


