Петропавлдағы оқу орындарының жанында полицейлер кезекшілік етеді
Петропавлда полицейлер күн сайын оқу орындарының жандарында кезекшілік етеді. Ювеналды полицияның тәртіп сақшылары жолда және көшеде қоғамдық тәртіпті сақтауда.
Таңертең көлік иелері балаларды сабаққа алып баруға асығады. Бұл көше-жол желісіне қосымша шиеленіс туғызады. Полиция қызметкерлерін көрген жүргізушілерді тәртіп сақтауға ұмтылады. Ал қажет болған жағдайда полицейлер қозғалысты реттеп, оқушыларды жолдан өтулеріне септігін тигізеді.
– Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің нұсқауымен енгізілген және полицияның қол жетімділігі қағидатын іске асыру мен сервистік модельдің бір түрі болып табылады. Жас қала тұрғындары полицияның олардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысын көріп, қызметкерлердің әрқашан көмекке келуге дайын екенін біледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының құқықтық санасын арттыруға өз үлесін қосады деп үміттенеміз, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлім бастығы Айдын Ахмағамбетов.