Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жол сапасы партиялықтардың назарында

«Аманат» партиясы филиалының өкілдері жұмыс сапарымен Шал ақын ауданына барып, «Арай-Афанасьевка-Садовка» автожолының жағдайымен танысты. Айта кеткен жөн, өткен жолы бұл бағыт бойынша жол жөндеуден өткен. 
Белгілі болғандай, биыл бұл жол қайта орташа жөндеуден өткенімен бірнеше кем тұстары анықталды. Жол жиегі дұрыс жасалмаған, жол бойында арнайы белгілер де жоқтың қасы.
Комиссия мүшелері жол жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақта мердігер ұйым өкілдерімен, Шал ақын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандарымен және жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мердігер ұйымның өкілі жол жиегін 10 күннің ішінде қалыпқа келтіруге уәде берді. Ал жол белгілерінің болмауына белгісіз адамдардың оларды ұрлап кетуі немесе жоғалып кетуі себеп болғанын мәлімдеді.
Аталған нысан партиялық бақылауға алынып, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы қадағаланады. Комиссия мүшелері жөндеу жұмыстарының барысын бақылауда ұстап, туындаған мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *