СҚО-да көкөніс бағасы өсті
Облыста азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, тамақ өнімдері бір жыл ішінде 12,7 % қымбаттаған. Соның ішінде кофе – 49%, күнбағыс майы – 36%, спред (өсімдік-сары май) – 28%, балық және теңіз өнімдері – 27%, алкогольсіз сусындар – 21%, тәтті өнімдер 20 % өскен. Сонымен қатар, дәмдеуіштер – 12%, жемістер – 15,5%, шұжық – 12,5%, ет 12% қымбаттаған. Ет өнімдерінің ішінде сиыр етіне баға 21,5% көтерілген. Сүт өнімдері 10,5%, тоқаш пен ұннан жасалған тәтті өнімдер 10%, алкогольді ішімдіктер 9% өскен.

Көкөністер де айтарлықтай қымбаттаған. Жас көкөністердің бағасы жалпы 26% жоғарылаған. Әсіресе қырыққабат – 86%, пияз – 67%, картоп – 54%, қызылша – 36%, сәбіз 16% дейін қымбаттап отыр. Ал қиярдың бағасы 10% төмендеген. Сондай-ақ, жарма өнімдері 15% арзандаған. Оның ішінде қарақұмық жармасының бағасы – 25%, күріш – 8,5% түскен. Жұмыртқа да 3% арзандады.
Азық-түлік емес тауарларда баға өсімі — 10,5%. Аудио-көру техникасы, фотоаппаратура мен ақпаратты өңдеуге арналған құрылғылар 17,5% қымбаттады. Зергерлік бұйымдар мен сағаттар бағасы – 15%, киім – 13%, балалардың аяқ киімі – 12%, автомобильдер құны 10% көтерілді. Жеке бас гигиенасына арналған тауарлар мен тұрмыстық құралдар 9%, дәрі-дәрмек – 6% өскен. Мотор майының бағасы 11%, бензин – 7%, дизель отыны 6% жоғарылаған.
Ақылы қызметтердің де бағасы шарықтап тұр. Бір жыл ішінде бұл бағытта өсім 13% жетті. Жеке автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары 32% қымбаттаса, медициналық зертхана мен рентген қызметтеріне баға 21% көтерілген. Көлік қызметтері құны да біршама өскен: теміржол билеттері – 31%, әуе билеттері – 25%, ал автокөлікпен жолаушы тасымалы бағасы 6% артқан. Бұған қоса, тұрғын үйді жалға алу ақысы бір жыл ішінде 18% жоғарылады.
Учаскелік полицей көмекке келді

