Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда медициналық колледж студенттері мен оқытушылары Президент жолдауын тыңдады

Петропавлдағы жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері бір кісідей Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады. Бұл әсіресе, болашақ дәрігерлер үшін аса маңызды болып табылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында медициналық мекемелер желісін нығайту, көпбейінді ауруханалар салу және жөндеу мәселесін көтерді. Бұл — қазіргі таңдағы ең өзекті түйткілдердің бірі.

Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр.

Мемлекет басшысы Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс деді. Бұл бастаманы медициналық колледж ұжымы дұрыс деп санайды.

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының учаскесінде 16 зауыт салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *