Әлем чемпионы Наталья Богданова елге оралды
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем біріншілігінде ұлттық құрама боксшылары жалпыкомандалық есепте алтыннан алқа тағынды. Жеңіске жеткендердің қатарында Наталья Богданова да бар. Жерлесімізді петропавлдықтар әуежайдан қарсы алды.

Солтүстік Қазақстан облысының бокс тарихында жерлесіміз тұңғыш рет әуесқойлар арасында чемпион атанды. Наталья Богданова дүниежүзілік біріншілікте 70 келіде өнер көрсетті. Жеңімпаз бен жеке бапкерін әуежайды спорт сүйер қауым өкілдер қарсы алды. Облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың жылы лебізін жеткізіп, спортшы мен жаттықтырушының иығына шапан жабылды.
— Мен әлі күнге дейін чемпион атанғаныма сенер емеспін. Жанкүйерлердің қолдауын сезініп, жеңіске жеттім. Баршаларыңызға алғысым шексіз, — деп жарыстан әсерімен бөлісті Наталья Богданова.
Отандастарымыз барлығы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.

