200 сотталған қаржылық сауатын арттырмақ
Биыл облыста 200 сотталған жазасын өтеп шыққаннан кейін өз ісін ашуға мүмкіндік алмақ. Темір тордың ар жағындағы азаматтарды әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу мақсатында СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Екі тараптың келісімі бойынша, енді өңірдегі №48 және №50 түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін қысқамерзімді курстар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
– Бұл келісім – әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде күш біріктірудің маңызды қадамы. Біз сотталғандарды кәсіби оқыту арқылы олардың болашақта қоғамға сәтті бейімделуіне жағдай жасаймыз, — дейді СКО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.
Кәсіпкерлер палатасы оқу процесін ұйымдастырады.СҚО ҚАЖД – оқу үшін арнайы бөлмелер мен жағдай жасайды. Оқу аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.
Сотталғандар кәсіпкерліктің негіздері мен қаржылық сауаттылық бойынша теориялық және практикалық сабақтардан өтеді.
– Мұндай жобалар сотталғандарға тек жаңа дағдылар үйретіп қана қоймай, оларды болашақта қоғамға бейімделуге көмектеседі. Бұл жұмыс табуына және қылмысқа қайта бармауына сеп болады. Яғни, қылмыс деңгейін төмендетуге және әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға бағытталған нақты қадам, — дейді СҚО ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Есенов.
2024–2025 оқу жылында өңір бойынша 244 сотталған 11 түрлі мамандық бойынша кәсіби диплом алған. Биыл тағы 250 адам кәсіп меңгеріп жатыр.

