Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі Президентті күзгі орақ науқаны барысымен таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің өңірлерінде егін жинау науқанының барысына арналған кеңес өтті.

2025 жылы егін жинау алқабы 4,3 млн гектарды құрады. Бүгінгі таңда 1,13 млн га немесе дәнді-бұршақ дақылдары алқабының 40%-ы жиналды. Шамамен 2 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 16,5 центнерді құрап отыр.

Аграрлық сала өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді. АӨК-де жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 150 млрд теңгеге жетті. Өнімділікті арттыру мақсатында 340 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды, 52,5 мың тонна элиталық тұқым себілді, тұқым жаңарту деңгейі – 11,2%.

Күзгі дала жұмыстарына 68,6 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны, астық пен майлы дақылдарды кептіруге 14,1 мың тонна отын бөлінді.

Облыстағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 7 млн тонна, 500 мың тонна жаңа өнім сақтауға қабылданды.

Президент жасанды интеллектіні енгізу жұмысын күшейтуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде белсенді түрде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері өндірістің барлық кезеңінде қолданылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығы техникасына GPS-навигация мен автопилот жүйесін енгізу, дрондар мен егіс алқаптарының цифрлық карталарын пайдалану, малдың жағдайын бақылау жүйелері, азықтандыру, өсімін молайту және микроклиматты басқаруды автоматтандыру.Аталған шаралар агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға және ауыл халқының жұмыспен қамтылуын арттыруға ықпал етеді.

СҚО-да жол-көлік оқиғаларында 103 жаяу жүргінші зардап шекті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *