СҚО-да полицейлерге арнаулы атақтар берілді
Азаматтардың өмірі мен тыныштығын күзететін полицейлер қызмет барысында балағат сөздерге, күш қолдану әрекеттеріне және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда олардың өз қауіпсіздігіне де қатер төнеді.
Мәселен, патрульдік полиция батальонының қызметкері Қанат Фазылов осыдан 10 жыл бұрын Чириковка ауылы маңындағы тасжолда адамдарды құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Тамыз айының басында ол әріптесі Артем Борисовпен бірге Петропавл қаласындағы ойын-сауық орындарының біріне шақырту бойынша барған. Сол жерде жанжалға қатысушылардың бірі агрессия танытып, полицейлерге күш қолданатынын айтып қорқытқан. Ал қаңтар айында Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкері Жақсылық Қожелдақов мас күйдегі құқық бұзушының агрессивті әрекетіне тап болған.
Бүгін аталған қызметкерлерге Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыстады. Марапаттау рәсіміне СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрболат Бегім және полиция департаменті мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов қатысты.
Сондай-ақ осы күні Солтүстік Қазақстан облысында 15 жас полицей алғашқы офицерлік шендерін алды. Олардың қатарында учаскелік полиция инспекторлары, анықтаушылар, ювеналды полиция қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының және басқа да бөлімшелердің өкілдері бар. Бұдан бөлек, күн сайын заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген төрт полицейге полиция майоры, ал тағы екі қызметкерге полиция подполковнигі арнаулы атағы берілді.

