СҚО құтқарушылары қысқа қамдануда
Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар күштер мен техниканың алдағы қысқы кезеңге дайындығын көрсетті.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде қыста төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған арнайы техниканың байқауы өтті. Мамандар машиналардың техникалық жағдайын, олардың жарақтандырылуын және бөлімшелердің жедел ден қоюға дайындығын тексерді.
— Қиын жағдайға тап болған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін 232 жылыту пункті жұмыс істейтін болады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда күштер мен құралдар топтамасы құрылды. Барлығы 999 бірлік техника мен 1 863 адам жеке құрам. Барлық ресурстар қыс мезгілінде өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

