Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы қоғамдық автобустарда жылдамдықты белгілеу кешені сынақтан өтуде

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 4 автобус бағытында жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркеу кешені орнатылды. 2 қарашадан бастап ол бұзушылықтарды тіркей бастады.

— Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында полиция департаменті жылдамдық режимінің сақталуына қосымша бақылау шараларын қабылдайды. Осылайша, Петропавл қаласы Назарбаев көшесіндегі № 4А автобус бағытында жылдамдықты бұзуды автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Алдымен ол тест режимінде жұмыс істеді. 2 қарашадан бастап заңнамаға сәйкес кейіннен шаралар қабылдай отырып, бұзушылықтарды тіркей бастады. Жүргізушілерді жылдамдық шектеулерін сақтауға және жолда сақ болуға шақырамыз, — деп атап өтті полицияда.

Бұдан басқа, 1 қарашадан бастап «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолында, Космонавтар көшесі, 1 үйде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешені өз жұмысын бастады. Бұл учаскеде сағатына 60 км жылдамдықты шектеу орнатылды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және апаттылықты азайту үшін қабылданды. Полиция жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *