Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Шал ақын ауданында 12 бизнес жоба қаржыландырылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жұмысымен, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен және жол жөндеу барысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

СҚО әкімдігінің ақпаратына сәйкес, Шал ауданының аграрийлері өз қаражатына денсаулық сақтау ұйымдары үшін 7 арнайы автокөлік сатып алды. Соның нәтижесінде 10 ауылдық округтің медициналық ұйымдары қажетті көлікпен толық қамтамасыз етілді. Шал ақын ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері денсаулық сақтау саласына осындай қолдау көрсеткен облыстағы төртінші аудан болды. Бұдан бөлек, биыл аграрийлермен 700 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі меморандум жасалды.

Крещенка ауылында облыс әкімі «Шал акын агро 2020» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын биыл ауылды дамытуға 300 млн теңге жұмсап, балалар алаңын, мәдениет үйін және тұрғындарға арналған кафе салды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруашылық Австралиядан абердин-ангус тұқымды 600 бас ірі қара сатып алды. Оның алғашқы 304 басы өңірге жеткізілді. Бұл — Австралиядан Солтүстік Қазақстан облысына асыл тұқымды ірі қараны алғаш рет тікелей жеткізу. Сондай-ақ өңір басшысы 13 мың тонна астыққа есептелген астық кептіру кешенінің жұмысын көрді.

Сапар барысында Ғауез Нұрмұхамбетов Крещенка ауылындағы ветеринариялық пунктке барды. Биыл Кешенді даму жоспары аясында облыс аудандары үшін 57 ветеринариялық пункттің ғимараты сатып алынды. Бұл ветеринария мамандарының еңбек жағдайын жақсартып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауданда жол инфрақұрылымын жаңарту жалғасуда. Биыл ұзындығы 16 шақырым болатын «Повозочное — Баян — Архангелка» жолын асфальттау жөніндегі екі жылдық жоба аяқталады. Соңғы екі жылда Сергеевкадағы жалпы ұзындығы 13,1 шақырым болатын 23 көшеге асфальт төселді. Крещенка мен Афанасьевка ауылдарында өтпелі жоба аясында жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын алты көше асфальтталды.

Сергеевкада орталық стадионның жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына және жарыстар өткізуіне заманауи жағдай жасалған. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауданда жалпы сомасы 153 млн теңге болатын шағын және орта бизнестің 12 жобасы қаржыландырылды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі тұрғындармен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Кездесуде ауданның өзекті мәселелері талқыланды. Азаматтардың өтініштері бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *