Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер петропавлдықтың өмірін сақтап қалды

Қазанның 29-ы күні Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санат Еменалин мен Берік Құсайынов түнгі кезекшілікке түсті. Сағат 21:00 шамасында кезекші бөлімге қаланың 19-шағынауданындағы ескі үйлердің бірінде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер кіреберісте терезе алдындағы қораптың үстінде отырған ер адамды байқады. Ол өзіне қол жұмсамақ болған. Полицейлер оның тамыр соғысын тексеріп, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.

Ер адамның жұбайының айтуынша, күйеуі мас күйде болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған соң, әйел полиция шақырған. Алайда 39 жастағы күйеуінің пәтерден қандай мақсатпен шыққанын білмеген. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Келесі күні тәртіп сақшылары медицина қызметкерлерінен оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын білді.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы көбіне жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз сәттерде жедел шешім қабылдауды талап етеді. Кейде дәл осындай шешімнің дер кезінде қабылдануы адам өмірін сақтап қалады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *